Арнайы шиналарды құрастыру/бөлшектеу
Бұл шиналарды техникалық пайдалану бойынша ептілікті, шеберлікті, тәжірибені, ерекше сақтықты және еңбекті көп қажетсінетін, жауапты процестердің бірі.
Ірі габаритті шиналарды құрастыру және бөлшектеу жұмыстары тек арнайы жабдықпен, айлабұйымдармен және құралдармен жабдықталған шиналарды құрастыру бөлімінде жүргізілуі керек.
Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда ауыл шаруашылығында пайдаланылатын шиналардың шамамен 10%-ында құрастыру-жөндеу операцияларының сауатсыз жүргізілуі кезінде келтірілген зақымдар бар.
Шаруашылықтарда шиналарды құрастыру және бөлшектеу жеке тұғырда немесе арнайы платформада немесе арнайы тағайындалған жерде жүргізілуі керек. Доңғалақ тыстарын құрастыруды/бөлшектеуді тікелей ауылшаруашылық машинасында немесе тракторда жүргізуге қатаң тыйым салынады.